Alexa, неге бұлай істедің?
Alexa, неге бұлай істедің?
«Alexa, неге бұлай істедің?» деп сұрауда Amazon-ның құрылғылар бойынша басшысы Дэйв Лимп. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Andrej Sokolow
737
оқылды
Заттар интернеті (IoT) – интернетке қосылған физикалық нысандардың үнемі өсіп келе жатқан желісі. Адам өміріне жылдан-жылға батыл еніп келеді. Нарықта шамдар, пештер мен кір жуғыш машиналардан бастап динамиктерге, фитнес-трекерлерге, тіс щеткаларына және нәресте ауыстыратын төсеніштерге дейін кең ауқымды смарт құрылғылар бар. Оларды қолданудың пайдасы мен зияны жайында BBC-да жарияланған материалға сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_239314" align="aligncenter" width="1778"]Рисунок2 Amazon-ның Alexa, Apple компаниясының Siri, Google Assistant және басқа дауыстық көмекшілер қолданушыларға IoT құрылғыларын дауыстық командалармен басқаруға мүмкіндік береді. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Pavlo Gonchar[/caption] Amazon-ның Alexa, Apple компаниясының Siri, Google Assistant және басқа дауыстық көмекшілер қолданушыларға IoT құрылғыларын дауыстық командалармен басқаруға мүмкіндік береді.
Биыл қолданыстағы дауыстық көмекшілердің саны әлем халқымен теңеседі және шамамен 8 миллиардқа жетеді деген болжам бар.
Дегенмен жылдар бойы өскеннен кейін ірі технологиялық компаниялар, әсіресе дауыстық көмекшілеріне жұмсалатын шығындарды қысқартуда. Оларды тұрмыста қолданудағы алғашқы тәжірибелер көмекшілердің пайдасымен қатар қажетсіз, көлеңкелі тұстары да бар екенін көрсетті. [caption id="attachment_239315" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок3 Барнс ханым Alexa-мен болған әңгімелердің, оған берген мәліметтердің «бұлтта бір жерде сақталғанына» алаңдай бастайды, дауыстық көмекшісіне деген сенімін жоғалтады. Фото BBC сайтынан алынды. Авторы: Success by design Training[/caption] Алғашында Абигейл Барнсқа (Abigail Barnes) да дауыстық көмекші ұнайтын. Қазір оны қорапқа салып тастады. «Мен (Amazon Alexa-ны) шамдарды қосу немесе таймер қою, кітаптар мен подкасттар тыңдау үшін динамик ретінде пайдаландым. Оны желдеткішті аптап ыстықта қосуға және өшіруге, қыста Рождестволық музыка қоюға қолдандым», – дейді 43 жастағы лондондық әйел. Барнс ханым Alexa-дан сағаттың оятқыш қоңырауын орнатуды, уақытты немесе ауа райын айтуды сұрайтын.
«Alexa асүйде орнатылды, ал бірнеше айдан кейін екінші Alexa-ны сатып алып, оны жатын бөлмеме орнаттым». Алайда Барнс ханым дауыстық көмекшілері жиі-жиі жеткізілім туралы хабарландырулар жібере бастағанда, тауарларды сатып алуды ұсына бастағанда немесе сатып алатын заттардың ретін өзгертуді сұрай бастағанда оларға деген көңілі суып кетеді.
«Ол маған қажетсіз жаңартуларды жібере бастады немесе өткен айда сатып алған өнімді бағалауды сұрауды жиілетті. Бұл менің ашуымды келтірді», – дейді ол. Бұдан кейін Барнс ханым Alexa-мен болған әңгімелердің, оған берген мәліметтердің «бұлтта бір жерде сақталғанына» алаңдай бастайды, дауыстық көмекшісіне деген сенімін жоғалтады.
«Мен ұйықтар алдында одан шамды өшіруді сұрауды қойдым, өйткені өтінішті бірнеше рет қайталап сұрауға тура келді, соңында шамды бәрібір қолмен өшіруші едім». Оның айтуынша, уақытты үнемдеуге көмектесуі тиіс құрылғы, уақытты алатын затқа айналған.
[caption id="attachment_239316" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок4 Amazon 18 000 жұмыс орнын қысқартады. Қысқартулардың 2000-ы Alexa және смарт динамиктерді жасайтын құрылымдар мен қызметтер бөлімінен келеді. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Thomas Trutschel[/caption] Соңғы айларда Amazon 18 000 жұмыс орнын қысқартады. Қысқартулардың 2 000-ы Alexa және смарт динамиктерді жасайтын құрылымдар мен қызметтер бөлімінен келеді. Бұл туралы Aikyn.kz-тің арнайы материалын мына жерден оқуға болады.
Google де өзінің Google Assistant құрылғысын жетілдіруді қысқарту туралы шешім қабылдады. Осы өсіп келе жатқан шығындар мен жұмыс орындарын қысқарту дауыстық көмекшінің құлдырауын білдіре ме?
Alexa іске қосылған кезде Amazon жаңа бизнес үлгісін бастады. Мұндағы мақсат –  құрылғыларды өздері сату арқылы ақша табу емес, тұтынушылардың дауыстық көмекші арқылы сатып алуларын ынталандыру.
Тұтынушымен әрекеттесу тұрғысынан Amazon дауыстық көмекшісі сәтті болды. Соңғы үш жылда Alexa тұтынушылардың санын екі еседен астам көбейткен, апта сайын «миллиардтаған» адам Alexa-ны қолданады.
Зерттеу нәтижелері өзара әрекеттесулердің көпшілігі ауа райын тексеру немесе музыка ойнату сияқты қарапайым тапсырмалар екенін айтады. Соңғы жылдары дауыс көмекшісін пайдалану төмендеген. [caption id="attachment_239317" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок5 «Дауыстық көмекшілер уәде етілгендей әлеуметтiк икемдi бола алмады. Бұған ықпал еткен бірнеше факторлар бар, соның ішінде қауіпсіздік пен жеке өмірге қатысты мәселелер» дейді Canvas8 агенттігінің қызметкері Хелен Джамбунатан. Фото BBC сайтынан алынды. Авторы: Canvas8[/caption]
Canvas8 тұтынушыларды зерттеу агенттігінің қызметкері Хелен Джамбунатан (Helen Jambunathan): «Дауыстық көмекшілер уәде етілгендей әлеуметтiк икемдi бола алмады», – дейді. «Бұған ықпал еткен бірнеше факторлар бар, соның ішінде қауіпсіздік пен жеке өмірге қатысты мәселелер».
2020 жылғы сауалнамаға сәйкес, адамдардың 82%-ын смартфон микрофондары, ноутбук веб-камералары және дауыстық көмекшілер арқылы бақылауға болатыны алаңдатады. Amazon Alexa дауыс жазбаларын бөтен адамға жібергені, қызметкерлердің жеке әңгімелерді тыңдайтын туралы хабарламалар бұл мәселені тек ушықтырып жіберді. Бұған жауап ретінде Amazon әңгімелерді тыңдау қызметті жақсарту мақсатында ғана және Alexa-ға айтылған сұраулардың шағын бөлігі ғана тыңдалатынын айтады. Сонымен қатар дауыстық көмекшілердің қорқынышты, нәсілшіл және қауіпті кеңестер беріп, тұтынушылардың сеніміне нұқсан келтіретін жағдайлар болғанын да мамандар айтып келеді. Дауыстық көмекшілер жалпы пайдалану үшін тартымдылығын жоғалтуы мүмкін, бірақ олар денсаулық сақтау саласында өсуде.
Alexa-ны жасаушы компанияның өкілі Эрик Саарнио (Eric Saarnio): «Ақылды көмекшілер жетіліп келеді, бұл бастамасы ғана. Соңғы сегіз жылда біз үлкен жолдан өттік және әрине, тоқтамаймыз. Біз жасайтын құрылғы адамдардың өмірін өзгерте алады», – дейді.
[caption id="attachment_239318" align="aligncenter" width="1805"]Рисунок6 Ұлыбританияда арнайы күтімді қажет ететін, денсаулығы нашар қарт адамдарға арналған Alexa Smart Properties жүйесі енгізілуде. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Oliver Dietze[/caption] Ұлыбританияда арнайы күтімді қажет ететін, денсаулығы нашар қарт адамдарға арналған Alexa Smart Properties жүйесі енгізілуде. Ондай адамдар дауысты командалар арқылы музыка немесе сүйікті радиошоуларын қосады, отбасымен және достарымен сөйлесе алды.
Олар дәрігер шақырады, сусын сұрайды, мәзірде не бар екенін немесе қандай іс-шаралар жоспарланғанын біле алады. Дауыстық көмекшілер медицинада пайдалы орнын тапқанымен, олардың жалпы нарықтағы тартымдылығы төмендеуі мүмкін.
Абигейл Барнс (Abigail Barnes) ханым жақын арада Alexa-ны көргісі келмесе де «мен оны сағындым» дейді. «Мен оны қайта қолдануым мүмкін. Бірақ алдымен құрылғының параметрлерін зерттеп, шарттарын толық оқып шығуға уақыт бөлетін боламын».