Алматыдағы ғимараттардың 35 пайызы жер сілкінісіне төтеп бере алмайды
Алматыдағы ғимараттардың 35 пайызы жер сілкінісіне төтеп бере алмайды
554
оқылды
Алматыдағы көпқабатты ғимараттардың үштен бірі жойқын жер сілкінісіне төтеп бере алмайды.  Сейсмология институты соңғы екі жылда 11 мыңнан астам нысанға зерттеу жүргізген. Тексерілген ғимараттардың 35 пайызы сейсмикалық талапқа сай болмай шыққан. Бірақ ғалымдар нақты қай жердегі ғимараттардың жер сілкінісіне төтеп бере алмайтынын ашып айтпай отыр. Сөйте тұра, Алматы мен оның айналасы жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін аса қауіпті аймақ деп дабыл қағуда. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысынан Қызылорда облысына дейінгі аралықта 7-ден 9 балға дейін жер сілкінісі болуы мүмкін сейсмикалық қауіпті орындар бар. "ҚазҚСҒЗИ" АҚ бас директоры Бегман Құлбаевтың айтуынша, ол басқаратын орталық соңғы екі жылда 11 мыңға жуық нысанның сейсмикалық жағдайын тексерген. 11 мыңнан астам үйдің 35 пайызы сейсмикалық тұрғыдан жарамсыз, қайта жөндеу жұмыстарына жатқызылады. Бірақ бұған қаладағы барлық нысандар қамтылмаған. Алдағы уақытта қолға алып жалғастыру керек. Ал "хрущевка" саналатын үйлер толық бұзылуы тиіс,