Google сіз армандаған функцияны іске қосты
Google сіз армандаған функцияны іске қосты
Биылғы Super Bowl-да Google Pixel 7 жарнамасы көрсетілді. 30 секундтық жарнаманы 3 рет көрсетуге компания 21 миллион доллар төлеген. Компанияның мақсаты үлкен бәсекеге қабілетті смартфондар нарығында ерекше екенін көрсету. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Sarah Stier
614
оқылды
Кеше slashgear.com сайты Google өзінің флагмандық Pixel-7 смартфонында ғажайып функцияны іске қосқанын жариялады. Батырманы бір-ақ рет басып смартфонға түсірілген суретіңізден керек емес адамның бейнесін қалай алып тастауға болатынын Aikyn.kz технологиялық платформаға шыққан материалға сілтеме жасап түсіндіреді. [caption id="attachment_240338" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок6 Pixel-7 қарапайым адамдардың ерекше сәттерінің фотосын жақсарта алады. «Сиқырлы өшіргіш» суреттегі сапасыз объектілерді, бөтен итті, артта тұрған бейтаныс адамды алып тастайды. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Mike Kemp[/caption] Google-дің керемет смартфоны Pixel-7 қарапайым адамдардың ерекше сәттерінің фотосын жақсартумен байланысты.
«Сиқырлы өшіргіш» суреттегі ыңғайсыз объектілерді жақсартады. Бөтен итті, артта тұрған бейтаныс адамды алып тастайды. Фотода қажетсіз адамдармен қатар көйлектегі жазуларды да өшіруге болады.
Google жарнамасында мысық өзінің суретінен иттерді өшіріп жатқаны да көрсетілген. Жаңа функцияның көмегімен бұлыңғыр фотолардың тұнықтығын күшейтуге болады. [caption id="attachment_240339" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок7 Pixel-7-нің жаңа функцияларын Google ерекше мақтан тұтады. Оның жарнамасы 2023 жылдың 12 ақпанында Super Bowl ойынында көрсетілді. Super Bowl АҚШ-тың ұлттық мерекесіне айналған. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Kevin Sabitus[/caption] Pixel-7 жарнамасы 12 ақпанда Америкада Ұлттық футбол лигасының финалдық ойыны Super Bowl ойынында көрсетілді. Америкалық футбол регбиге ұқсайды. Бірақ, өте қатал ойын. Super Bowl Америка Құрама Штаттарының ұлттық мерекесіне айналған. Дәл осы жарыста жарнама көрсету қымбат әрі мәртебе саналады.
Google биылғы Super Bowl-да өзінің Pixel 7 жарнамасын көрсетті. 30 секундтық жарнаманы 3 рет көрсетуге компания 21 миллион доллар төлеген. Бұған түсірілім мен оны дайындауға қатысты шығындар кірмейді.
Компанияның мақсаты үлкен бәсекеге қабілетті смартфондар нарығында артықшылық беру сияқты. Pixel-7-нің жаңа функцияларын Google ерекше мақтан тұтады. Сондықтан оның жарнамасы Super Bowl 2023 ойынында көрсетілді.