Түркиядағы құтқарушылар: қираған үйдің кірпіштерін бір-бірлеп қолмен ашамыз
Түркиядағы құтқарушылар: қираған үйдің кірпіштерін бір-бірлеп қолмен ашамыз
Фото: ТЖМ-нен алынды
2,653
оқылды
Түркиядағы жер сілкінісінің зардабын жоюға Қазақстаннан 100 шақты құтқарушы барды. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар Газиантепте қирандының астында қалған адамдарды аршып алуға атсалысып жатыр. Олжас Дүйсебайұлы Джауаров – бөлімше басшысы, бас құтқарушы.    width= 2001 жылдан бастап ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінің басшысы болып жұмыс істейді. Өзінің кәсіби қызметінде ол көшкін кезінде іздестіру-құтқару операцияларын басқарды. Приозерск қаласының акваториясында іздестіру-құтқару жұмысын жүргізді. Алматы облысы Қызылағаш су қоймасындағы апат салдарын жоюға қатысты. 2011 жылы Египеттегі күрделі саяси жағдайларға тап болған 220 Қазақстан азаматын эвакуациялады. Қиын климаттық жағдайларда 3 000 метрден астам биіктіктегі тауларда іздестіру-құтқару жұмысына, Алматы қаласындағы салынып жатқан жолайрығында көпір құлаған кезде авариялық-құтқару жұмыстарына, Қызыл ту кентіндегі Іле ауданындағы ұшақ апатының зардабын жоюға қатысты. Кіші Алматы өзеніндегі селдің салдарын жоюға атсалысты.  2014 жылы Шелек өзенінің жоғарғы ағысындағы тауларда іздеу-құтқару жұмысына қатысты. 2015, 2016, 2017, 2018 жылдары Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны салдарын жоюға қатысты. Сондай-ақ  2020 жылы Үлкен Алматы көлінде туристерді іздеу операциясын басқарды. Олжас Дүйсебайұлы – І сыныпты құтқарушы. Сонымен қатар жоғары сыныпты сүңгуірлік біліктілігі және тау туризмі бойынша 3-спорттық разряды бар. Ведомстволық наградалармен марапатталған. Мәулен Жақанұлы Қоңырбаев бөлімше басшысы, құтқарушы.    width= 2009 жылдан бастап ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінің басшысы болып жұмыс істейді. Отрядта жұмыс істеген уақытында өзін кәсіби сауатты басшы, талапшыл және жауапты құтқарушы ретінде көрсетті. Мәулен Жақанұлы көптеген авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмысына жетекшілік етті. Қызыл ту кентіндегі Іле ауданындағы ірі ұшақ апатының салдарын жоюға қатысты. Қиын климаттық жағдайларда биіктігі 3 000 метрден астам биіктіктегі тауларда іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізді. Жамбыл облысында Қаратау қаласында күрделі климаттық жағдайларда дауыл аймағында іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмысын жүргізді. Зардап шеккендерге бірнеше рет алғашқы медициналық көмек көрсетті.
«Бұл жерде біздің міндетіміз – адамдарды құтқару. Бізде жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерге көмектесу үшін барлық қажетті кәсіби жабдықтар бар. Алайда кейде жағдай жылдам және дұрыс әрекет етуді қажет етеді. Сондықтан біз өз қолымызбен кірпіштерді бір-бірлеп ашамыз», – дейді Мәулен Жақанұлы.
Ол бірнеше ведомстволық наградамен марапатталған. Айдос Мұратбекұлы Мұхаметжанов бас құтқарушы.    width= 2015 жылдан бастап ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағында жұмыс істейді. Радиациялық және химиялық-биологиялық қорғау бөлімшесінің маманы. Жұмыс барысында түрлі ТЖ зардаптарын жою кезінде авариялық-құтқару  және іздестіру-құтқару жұмысына қатысты. 2015 жылдың тамызында Талғардағы «Үлкен кілт» шатқалындағы іздестіру-құтқару жұмысына, 2015 жылдың қазан айында таулардағы Букреев шыңындағы Бутаков шатқалында жоғалған студенттерді іздеуге, 2016 жылдың қаңтарында Шымбұлақ тау шаңғысы курортында Польша азаматын құтқару бойынша іздестіру-құтқару жұмысына қатысты. Қызылорда және Ақмола облыстарындағы су тасқыны салдарын жоюда авариялық-құтқару жұмысына белсенді қатысты. 2018 жылы Өзбекстан Республикасында бірлескен оқу-жаттығуларға қатысты. 2017 жылы «Қазқұтқару – 2017» құтқару көпсайысы бойынша республикалық жарыстарға қатысып 1-орын, 2019 жылы осы жарыста 2-орын алды.   Игорь Владимирович Максимов бас құтқарушы.    width= 17 жылдан бері ТЖМ қатарында жұмыс істейді. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының радиациялық және химиялық-биологиялық қорғау бөлімшесінің маманы. Қызмет ету кезеңінде Игорь Владимирович су басу аймақтарынан халықты эвакуациялауға, 2010 жылы Күрті су қоймасы, осы жылы Қызылағаш кентіндегі бөгеттің жарылу салдарын жоюға, 2011 жылы Шарын өзенінің аңғарындағы Ұлыбритания азаматын іздестіру жұмыстарына қатысты.   Ильфрат Ришатұлы Нұрмұхамедов құтқарушы.    width= 2020 жылдан бастап ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағында жұмыс істейді. Ильфрат Ришатұлы жұмыс өтілінің аздығына қарамастан, командамен бірлесіп бірнеше рет күрделі құтқару жұмысын жүргізген. Қызмет барысында қиын климаттық жағдайларда 3 000 метрден астам биіктікте тауларда, қар көшкіні кезінде іздестіру-құтқару жұмысына, су тасқыны және таулы жерлерде авариялық-құтқару жұмысына бірнеше рет қатысқан.