Өзбекстанда әйелін балаларының көзінше ұрып-соғып, бауыздаған ер адам 19 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Ташкент облысында 39 жастағы әйелді ұрып-соғып, зорлағаны туралы ақпарат тараған еді. Ташкент облысы ІІБ ақпараты бойынша, бұл жағдай 2022 жылғы 28 желтоқсанда Бостандық ауданы Шымбойлы ауылында болған.
Бас прокуратура Өзбекстан Республикасы ҚК-нің 118-бабы «зорлау» және 119-бабы «жыныстық қажеттілікті еріктен тыс нысанда күштеп қанағаттандыру» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.