Байқоңырдан «Союз МС-23» ұшқышсыз ғарыш кемесі ұшырылады
Байқоңырдан «Союз МС-23» ұшқышсыз ғарыш кемесі ұшырылады
© Иван Тимошенко
816
оқылды
Роскосмос агенттігі Байқоңырдағы 254-ші учаскедегі құрастыру-сынау ғимаратында түсірілген суреттерді жариялады. Дәл сол жерде қазір «Союз МС-23» ғарыш кемесі құрастырылуда. Aikyn.kz ресейлік ғарыш агенттігінің хабарламасы негізінде ұшқышсыз кеменің техникалық сипаттарымен бөліседі. [caption id="attachment_241082" align="aligncenter" width="1429"]Рисунок2 © Иван Тимошенко[/caption] Агенттік ұшқышсыз ғарыш аппаратын Халықаралық ғарыш станциясынан ұшыруға дайындығын көрсетті. Кеме нақты қашан ұшуға дайын болатыны әзірге белгісіз. Оның ұшу мерзімін мемлекеттік комиссия «жақын арада» белгілейді деп күтілуде.
«Байқоңырдың 254-ші ұшу алаңының құрастыру-сынақ корпусында «Энергия» зымыран-ғарыш кешені мен Роскосмостың басқа да кәсіпорындарының мамандары «Союз МС-23» ұшқышсыз ғарыш кемесін тексеріп, оның басындағы бөлігін орнатқан» делінген хабарламада.
Толық құрастырылған «Союз МС-23» кемесінің бас блогы 31-ші құрастыру-сынау корпусына жеткізіледі. Онда ғарыш кемесі «Союз-2.1а» зымыран тасығышымен біріктіріліп жиналады.
2022 жылы «Союз-2.1а» зымыран-тасығышымен ғарышқа 22 мәрте түрлі аппараттар шығарылды. Олардың бәрі сәтті болды. 21 қыркүйекте Байқоңырдан «Союз МС-22» кемесі Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.
«Союз-2.1а» зымыран-тасығышы жақында «Прогресс МС-22» кемесін ғарыш кеңістігіне шығарды. Кемеде қандай жүк болғаны туралы Aikyn.kz бұған дейін хабарлаған болатын.