Сот отырысында прокурор айыпталушыны бес жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сотталушының өзі және оның қорғаушысы соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар – кінәсін мойындау, соттылығының болмауы, оның оң сипаттамасы деп таныды.
Сот үкімімен жәбірленуші тараптың пікірі ескеріліп, үш жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.