Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті 20 наурыз күні сағат 20.05 шамасында ұсталған.
"Атырау қаласындағы “Береке” ықшамауданында Атырау қалалық Полиция басқармасы №2 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері психотропты және өзге де дәрі-дәрмектерді сатумен айналысқан 1991 жылғы қала тұрғынын анықтап, ұстады.
Аталған азаматшаға ҚР ӘҚБтК-нің 424-бабына сәйкес, яғни заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет дерегі бойынша хаттама толтырылып, іс-құжаттар сотқа жолданды", — делінген хабарламада.