Қазақстандық Ризабек Айтмұхан (92 кг) пен Жүсіп Батырмұрзаев (125 келі) еркін күрестен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ризабек Айтмұхан финалда жапониялық Араш Йошидаға есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.
19 жастағы қазақстандық жартылай финалда бахрейндік Магомед Шариповты жеңсе, ширек финалда қырғызстандық Мирлан Шыныбековті қапы қалдырған еді.
Еске салсақ, алматылық балуан ақпанда Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасында Әбдіманап Байгенжеевті ұтып, чемпион атанған еді.