Алматы қаласындағы Боралдай сақ қорғандары археологиялық кешені еліміздегі маңызды тарихи ескерткіштер қатарына жатады
Боралдай қорғаны бүккен сыр
1,527
оқылды

Алматы қаласындағы Боралдай сақ қорғандары археологиялық кешені еліміздегі  маңызды тарихи ескерткіштер қатарына жатады.  Ашық аспан астындағы бұл кешен жайлы деректер ұзақ жылдар бойы беймәлім болып келді. Бірегей ескерткіш 2006 жылы 3D картаны модельдеу үшін аэротүсірілім кезінде анықталған. Артынша сол кездегі Алматы  қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің тікелей бастамасымен оның аумағы толық қоршалып, зерттеу жұмыстары басталып кетті. Мыңдаған жылдық тарихтан сыр шертетін археологиялық кешен 2018 жылы Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандарының тізіміне енді.  

Көсемдердің қорымы

«Боралдай сақ қорғандары Алматы қа­ла­сының солтүстік-батыс аймағында, Үл­кен Алматы өзенінің сол жақ жағалауында ор­­на­лас­қан. Кешеннен табылған көне жә­­дігерлер мен әлі күнге дейін қазба жұ­мыс­­тары жүр­гізіл­мей сақталған бірнеше биік қорымдарға қарап, ғалымдар Боралдай ке­шенін б.з.д. VІІІ-ІІІ ғ.ғ. Жетісу жерін ме­кендеген сақ тай­па­лары, б.з.б. ІІІ ғ. – б.з. ІІІ ғ. үйсін тайпалары мекен еткен деген бол­жам жасаған.

Жалпы аумағы 435 гектар аймақты алып жатқан археологиялық парк­­тің аумағында ерте темір дәуірі кезіне жа­татын сақ-үйсін тайпаларының 47 қор­ғаны орналасқан. Кешен ішіндегі қор­ған­дардың ең үлкенінің биіктігі 14 метрге дейін же­теді, ал диаметрі шамамен 80-150 метрді алып жатыр. Кешен қызметкері Әлжан Иманә­лиев­тің айтуынша, бұл қорымда сақ және үйсін тайпаларының билеуші әулет­терінің өкілдері, лауазымды тұлғалары жер­ленген деген ғылыми тұжырым жасал­ды. Мамандар бұл қорымдар бұдан да бір­не­ше есе биік болып салынуы мүмкін еке­нін айтады. Уақыт өте, жер қабат­та­ры­ның көтерілуіне байланысты біздің зама­ны­мызға осы көлемі ғана сақталып жеткен. Биік қорымдарды тұрғызу үшін топырақ алынған жерлер кешен аумағында әлі күнге дейін сақтаулы.

3 мың жылдық тарихы бар мекен

Ғалымдардың айтуынша, кешен сақтардың жерлеу орындары бол­ған. Осы дерекке сүйеніп, сақтардың осы Ала­тау бөктерінде өмір сүрді деп айтуға то­­лық негіз бар. Кешен қызмерткерлері Ал­ма­ты қаласының тарихына қатысты да тың деректер айтты.

«Қазір Алматы қаласы орналасқан жер­дің тарихы үш мың  жылдан асады. Кли­ма­ты­ның жайлы, топырағының құнарлы жә­не суының мол болуының арқасында бұл жер бос жатпаған. Бұған археологиялық жә­ді­герлер дәлел. Шамамен б.з. дейінгі Х ға­сыр­дан бастап мұнда ірі тайпалар қо­ныс­тан­ды. Әуелі сақтар мекендеді. Кейіннен олар­ды үйсіндер алмастырды», дейді ке­шен­нің экскурсоведі Әлжан Қынуарбекұлы.

Кешенді толық таныстырып шыққан Әлжан Иманәлиев қорымдардың кө­леміне қарап тұрып, оларды салуға қа­тыс­ты ойын жеткізді. Оның пайымынша, мұн­дай биік қорымдарды салу мыңдаған адам­ды асарға жұмылдыру арқылы салын­ған болуы мүмкін.

«Жоғарыда айтқанымдай, бұл қорымдар бұ­дан бірнеше есе биік болғаны анық. Құ­ры­лыс жұмыстары бірнеше жылға созылып, оған мыңдаған адам жұмылдырылған бол­уы мүмкін. Әрине, құрылыс тек күн жы­лын­ған уақытта жүріп, қысқа қарай тоқтап отыр­ған сыңайлы. Сол кезде жан-жақтан кел­ген жұмысшылар өз аймақтарына қай­тып, көктемде қайта келіп отырған. Сол кез­де өткен жылы бірге жұмыс істеген адам­дар бір-бірімен сағыныса көрісіп, ас бе­ріп, той тойлаған. Ол қазіргі Наурыз ме­ре­кесінің уақытымен сай келеді. Бұл жиын қазіргі Асарлату салты мен Көрісу және Наурыз мерекелерінің бастауы болған сияқ­ты» деп топшылайды Ә. Қынуар­бек­ұлы.

Ұзындығы 3 шақырымды, ені 800 метр­ді алып жатқан тарихи кешен аумағында келушілерге ежелгі сақтардың қалай жерленгені туралы дерек ұсынатын бір­неше макет бар. Археологиялық қазба жұ­мыстары кешенінде анықталған деректер не­гізінде жасалған макеттерден сақтарда қай­тыс болған кісіні ыдыс-аяқтарымен бір­ге көмгенін көруге болады.

«Бұл бабаларымызда сол кездің өзінде өлім­нен кейінгі өмір бар деген түсінік бол­ғанын көрсетеді. Тіпті, кейбір қорымдардан мі­ніс аттарымен бірге жерленгендері де кез­деседі. Сондай иесімен бірге жерленген жыл­қылардың ішінде кейбірінің құйрық-жал­дары алтын жіптермен өрілгендері де бар. Менің пайымдауынша, мұндай қорым­дар­да сол замандағы лауазым иелері мен
ау­қатты адамдары жерленген болуы мүм­-кін», – дейді кешен қызметкері Әлжан
Има­нә­ли
ев.

«Тұрған үйі дөңгелек...»

Кешеннің ішінде ежелгі сақтардың қорымдарынан бөлек тұрғын үй­лері­нің бірінің қайта жаңартылған нұсқасы ор­наласқан. Б.з.д IV ғасырға тиесілі үй ла­шық іспеттес болғанымен, ішкі жағы мен шаңырағы киіз үйдің формасына ұқсайды. Бұл лашықтың түпнұсқасы өткен ғасырдың 1970 жылдары Медеу мұз айдынының құры­лысы жүргізіліп жатқан кезде таудағы тас­тардың арасынан шыққан. Бұл жәдігер қазір әйгілі спорт кешені тұрған жерден 300 метр қашықтықтан табылған. Бір қызығы, тау жыныстары мен үйме топырақтың ас­ты­нан шыққан лашық сол күйі бұзылмаған. Кешеннің аға ғылыми қыз­меткері Дәулет­келді Тұрғанбаев Борал­дай сақ қорған­да­рының Алматы аума­ғын­дағы ерте темір ға­сырынан жеткен жалғыз ескерткіш еке­нін айтады.

Оған қоса, кешен Алматы қаласы бойын­­­ша Жалпыұлттық қасиетті ны­сандар тізіміне енген 6 ескерткіштің бірі. бұл тарихи нысан осы күнге дейін сақ­талып келді. Қазір ашық аспан астындағы музейді сақтап қалу үшін тиісті жұмыстар жүр­гізіліп жатыр. Биыл археологиялық парк аума­ғы­нан сақ мәдениеті орталы­ғы­ның құрылысы бас­талмақ. Қазір бұл ны­сан­ның жобалау-сме­талық құжаттары дайын­далып, мем­ле­кеттік сараптамаға жі­беріл­ген. Енді аз уа­қытта құрылыс жұ­мыс­тары басталмақ. Жо­баны жүзеге асы­ру­ға мемлекеттік бюд­жет­тен 6.7 миллиард тең­ге қарастырылған.

Осы жоба негізінде кешен ішіндегі әрбір қорымға баратын жол салы­нып, коммуникация мәселесі де шешіледі.

«Жоспарланған дүниелер жүзеге асып жат­са, кешенге келушілер саны арта түсер еді. Тіпті, шетелдік туристерді қызық­тыра­тын бірден-бір орынға айналдыруға толық мүмкіндік бар. Нәтижесінде, Сақ қор­ған­да­ры еліміздің туризм саласын дамытуға қо­сылған сүбелі үлес болмақ», – дейді Әлжан Иманәлиев.

Кей елдер осындай дүниелерді қол­дан жасап, өзгелерді соған жатпай-тұрмай шақырып, туристік орталыққа ай­нал­дырып жатады. Ал бізде ондай тарихи ес­керткіштердің түпнұсқасы сақталған. Со­ның бірі Боралдай сақ қорғандарын көз­дің қарашығындай сақтай білгеніміз абзал. Мұнда турист тартып, табыс табудан бұрын келер ұрпаққа тағылымды тарихымызды тан­ыту міндеті тұрғанын да ұмытпағанымыз жөн.

Нұрболат АДЫРБЕК,

Алматы қаласы