Кубалық боксшы Давид Моррел (9-0, 8 KO) 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Ямагучи Фалькаоны (24-2-1, 10 KO) бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жекпе-жек Лас-Вегастағы бокс кешінде өтті. Басында бразилиялық боксшы есеңгіреп қалды, ал одан кейін Моррел шабуылын үдетіп, қарсыласын терең нокаутқа түсірді.
Осылайша, кубалық боксшы суперорта салмақта WBA World белбеуін қорғап қалды.
Еске салайық, 2022 жылы қарашада Моррел қазақстандық Айдос Ербосынұлын 12-раундта ауыр нокаутқа түсірген болатын.