Баланың әкесін сотқа берген.
Атырауда жасөспірім трактордың багына шұбат құйып кеткен
1,440
оқылды

Атырауда кішкентай бала трактордың май құятын багына шұбат құйып қойған. Техника иесі баланың әкесін сотқа берді, - деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Істі Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қараған. Ер адамға ӘҚБтК-нің 435-бабы "Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық" бойынша айып тағылды.

Портал мәліметінше, айыпталушының баласы "Спектр" бағбандық қоғамына тиесілі трактордың май құятын багына түйе сүтін құйып қойған.