3 мамыр күні сағат 13.40 шамасында Полиция басқармасының кезекші бөліміне Торайғыров көшесінде орналасқан 5 қабатты үйдің төбесінен ер адам секіргелі тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға орнына дереу учаскелік полиция инспекторлары Нұрсұлтан Серікбаев пен Мәулет Қарыбаев келіп, шатырдың бір шетінде тұрған ер адамды көрді, ал ол: «Маған жақындамаңдар! Әйтпесе мен қазір секіремін!», – деп айқай салған.
– Төбеге көтеріліп, ер адаммен сөйлесе бастадым. Оның назарын аудару үшін сұрақтар қойдым. Ол бүгін оның туған күні екенін және оны ренжіткенін айтты. Мен оған соған бола секірмей-ақ, екеуміз бірге осы мәселені шешейік дедім, – дейді Нұрсұлтан Серікбаев.
Осы кезде учаскелік полицей оны өзіне тартып, бірінші баспалдақпен түсіре бастады. Төменде жедел медициналық көмек күтіп тұрды.
28 жастағы ер адам дәрігерлерге тапсырылды.