Мұнда қазір МИБ төрағасы, әкімдік қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Алматыда екпіні күшті желден 9 қабатты тұрғын үйдің қаптамасы опырылды
2,123
оқылды

Алматыда ұйытқып соққан желдің салдарынан «Сарыарқа» тұрғын үй кешеніндегі 9-қабатты үйдің шеткі қаптамасы опырылып түсті.

Алматы қалалық ТЖД 14 мамыр күні сағат 13.20-да жауапты инспектор 1-шағынаудан, Алтынсарин даңғылы 68/4 «Сарыарқа» ТҮК мекенжайына барғанын хабарлады.

«Инспектор келген соң екпіні 13 м/с дейін соққан желдің кесірінен 9 қабатты тұрғын үйдің 400 шаршы метр аумақтағы шеткі жұмсақ қаптамасы құлағаны анықталды (қабырғаның жалпы ауданы 600 шаршы метр). Үйдің жұмсақ қаптамасының құлау қаупіне байланысты бұл учаскені 2 мамырдан бастап Мүлік иелері бірлестігі (МИБ) қоршаған болатын. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Мұнда қазір МИБ төрағасы, әкімдік қызметкерлері жұмыс істеуде», деп хабарлады қалалық ТЖД.