Google екі жыл бойы қолданылмаған есептік жазбаларды толығымен жоятын болды. Есептік жазбалар өшіріліп қана қоймайды, онда сақталған Google Photos, YouTube тарихы және сатып алынған контент, Gmail поштаның мұрағаттары, Google Drive құжаттары бірге жойылады. Оның алдын алуға болады
Ұзақ пайдаланылмаған Google пошталары толығымен жойылады
1,232
оқылды

Көпшілік адамдар өздерінің ертеде ашылған электрондық пошталарын ұмыт қалдырады. Онлайн есептік тіркелгілерден бас тарту оңай болғанымен онда құнды жазбалар мен материалдар сақталып қалуы мүмкін.

Google жақын арада ұзақ қолданыламаған есептік жазбаларды жоятын болды. Оларды сақтау жолдарын Slashgear.com сайтында жарияланған мақалаға сілтеме жасаған Aikyn.kz көрсетеді.  

Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: JuFagundes

Есептік тіркелгілер белсенді пайдаланылмаса да, оларды өңдейтін деректер орталықтары мен веб-серверлердегі құнды ресурстарға салмақ салынады. Сонымен қатар Google атап өткендей, бұндай тіркелгілер хакерлердің шабуылына таптырмас нысана.

Енді компания кем дегенде екі жыл бойы жүйеге кірмеген Google есептік жазбаларды толығымен жоюдың жаңа саясатын енгізді. Есептік жазбалар өшіріліп қана қоймайды, онда сақталған Google Photos, YouTube тарихы және сатып алынған контент, Gmail поштаның мұрағаттары, Google Drive құжаттары және басқа да деректер жойылады.

Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: DuKai photographer

«Ұмытылған немесе қараусыз қалған тіркелгілер бұзылған, екі факторлы аутентификация орнатылмаған және қолданушының қауіпсіздік тексерісінен аз өтетін ескі немесе қайта пайдаланылған құпия сөздерге сүйенеді», – деп ескертеді Google. «Біздің ішкі талдауымыз көрсеткендей, тастап кеткен тіркелгілерге белсенді тіркелгілерге қарағанда 2 сатылы растау орнатылмайды, оны қолданушының орнату ықтималдығы 10 есе аз».

Google есептік жазбаларды 2023 жылдың желтоқсанында тоқтата бастайды. Алдымен, ашылған және ешқашан пайдаланылмаған тіркелгілер жойылады. Google бұл тіркелгілердің иелеріне олар біржола жойылмас бұрын бірнеше хабарландырулар жібермекші. Қалпына келтіру электрондық поштасы көрсетілген болса, онда сол поштаға хабарландырулар келеді.

Фото Shutterstock суреттер банкінен алынды. Авторы: Ka Iki

Қолданушылар екі жылда бір рет өзінің есептік тіркелгісіне кіру арқылы оны сақтай алады. Тіркелгіні сақтау үшін Google қызметтерінің бірін пайдалану керек: электрондық поштаны оқу, YouTube-тен видео көру, Google іздеуін пайдалануды немесе Google есептік жазбасы арқылы үшінші тарап қолданбасына немесе қызметіне кіру.

Сондай-ақ, Google белсенді жазылымдарды да әрекет түрі ретінде қарастырады, сондықтан Google One немесе YouTube Premium сияқты қызметтерге ақы төленсе, есептік жазба қауіпсіз болады.

Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Jeffrey Hamilton

Google Photos қолданбасын пайдаланатындар үшін онда бөлек сақтау саясаты бар. Басқа қызметтерде белсенді болған қолданушы фотосуреттерінің жойылмауын ойласа бұл қызметке де екі жылда бір рет кіруі керек.

Есептік жазбаларға ұзақ мерзімді қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Google - қалпына келтіру есептік жазбасын қосуды және оны жаңартып отыруды ұсынады.

Сондай-ақ, файлдарды сенімді сақтауға жіберу, Gmail автоматты жауап берушісін қосу және тіркелгіні толығымен жою сияқты 1,5 жыл әрекетсіздіктен кейін деректерді автоматты түрде өңдейтін Белсенді емес тіркелгі реттеушісіндегі құралдарды пайдалануға болады.