Ақтөбеден Орал қаласына барар жолда Сырым ауданында 25 жастағы шетелдік ұсталды.
Оралда Сомалиден келген тамада ұсталды
2,980
оқылды

Ақтөбеден Орал қаласына барар жолда, Сырым ауданында 25 жастағы шетелдік ұсталды, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, ол Алматы қаласының жоғары оқу орындарының бірінің студенті.

Сомалиліктің айтуынша, ол елімізде 2019 жылдан бері тұрады. Алматы қаласындағы ЖОО-да бағдарламаушы мамандығында оқиды. Осы уақыт ішінде ол тілді жақсы меңгеріп, салтанатты іс-шараларға қатысып, ақша тауып жүрген.

Оның визасының уақыты біткен, соның негізінде ҚР Көші-қон заңнамасын бұзу фактісі бойынша хаттама жасалды. Материал сотқа жіберілді. Ендігі шетелдік азамат депортациялануы мүмкін.