Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады
Елімізде бес облыста аптап ыстық болады
1,992
оқылды
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 30 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжамынша, тек солтүстік-батыста, республиканың оңтүстік жартысында күн ашық болады.

Республика бойынша жел күшейеді, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Атырау облысының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысында, Қостанай облысының орталығы мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында аптап ыстық болады деп болжанды.

Қостанай облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысында, Павлодар облысының орталығында, шығысында, Атырау облысының шығысында, Қарағанды облысында, Ұлытау облысының орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +29+31°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +25+27°С.