Сұранысқа ие VIP нөмірді алу үшін онлайн таңдау қолжетімді.
Автокөлікке VIP нөмірді мобильді қосымшадан таңдауға болады
837
оқылды

Былтыр көлік иелері шамамен 6 миллиард теңгеге VIP-нөмір сатып алған. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Осындай нөмірді сатып алуды қолжетімді ету үшін ІІМ оларды таңдау және брондауға болатын сервис әзірледі. 

Бұл Цифрлық даму министрлігінің Smart Bridge сервистер витринасында орналастырылған. Сервис мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған барлық платформаларда, оның ішінде, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында да қолжетімді. 

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін осы қызметті еGov.kz порталындағы жеке кабинетке шығару мәселесін қарастырып жатыр.

Фото: yandex.kz