Балалар суға шомылған.
Атырауда жасөспірім суға батып кетті
1,622
оқылды

Оқиға 29 мамыр күні кешкі сағат 17.07 шамасында Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданының Нұржау ауылында болған.

«Шарон өзенінің сағасы «Жіңішке» каналында суға түсуге тыйым салынған жерде балалар суға түскен. Салдарынан 2008 жылы туған жасөспірім тереңдігі 3 метр болатын канал суына батып кеткен. 

Марқұмның мәйіті сағат 19.05-те шығарылды», – делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова

Фото: gov.kz