Ұзақ күттірген Apple-дің жаңа AR – толықтырылған шындық гарнитурасы кеше Калифорнияда көпшілік назарына ұсынылды. Apple Vision Pro деп аталатын жаңа құрылғыны виртуалды көмекші Siri арқылы, көздің, қолдың қимылымен, дауыспен де басқаруға болады.
Apple көзбен басқарылатын кеңістікте жұмыс істейтін компьютер шығарды
1,385
оқылды

Apple-дің жаңа өнімдерін таныстыратын дүниежүзілік конференцияда WWDC 2023 (Worldwide Developers Conference) кеңістіктіктегі компьютер дәуірінің басталғаны айтылды.

Компанияның бас директоры Тим Кук кеңістіктік компьютерінің жаңа үлгісін ұсынатындарын мақтанышпен жариялады. Apple-дің таңғаларлық гаджетінің техникалық сипаттарымен WWDC 2023 материалдары негізінде Aikyn.kz таныстырады.

Фото Apple ресми сайтынан алынды

Ұзақ уақыт бойы Apple жанкүйерлерін күттірген AR – толықтырылған шындық гарнитурасы кеше Калифорнияда көпшілік назарына ұсынылды. Apple Vision Pro деп аталатын жаңа құрылғы пайдаланушыларға фильмдер көруге, бейнеконференциялар және тіпті құжаттармен жұмыс істеуге керемет мүмкіндіктер ұсынады. 

Apple Vision Pro жаңаша виртуалды интерфейспен жұмыс істейді: пайдаланушылар белгішелер (иконка), бірнеше терезелер және басқарудың жаңа әдістерін қолдана алады. Жүйеге виртуалды көмекші Siri да қосылған, пайдаланушы гаджетті көзінің, қолының қимылымен, дауыс арқылы да басқарады.

Фото Apple ресми сайтынан алынды

Ұшаққа арналған алюминийден жасалған гарнитурада 23 миллион пиксельдік екі дисплей бар. Бірегей экранды жасауда Apple компаниясының патенттелген микро-OLED дисплей технологиясы қолданылды. Бұл – 12,9 дюймдік iPad Pro және қазіргі MacBook Pro-да қолданылатын mini-LED экранының жетілдірілген түрі.

Экранның ортасында адамның көз жанарының қимылын қадағалайтын катадиоптриялық линзалар мен Zeiss оптикасы орнатылған. Ал ең керемет жаңашылдық, бұл – әйнектің сыртынан гаджет киген адамның көздерін көруге болатын EyeSight технологиясы.

Фото Apple ресми сайтынан алынды

Vision Pro гарнитурында Apple компаниясының алғашқы 3D камерасы орнатылған. Енді пайдаланушылар кеңістікте өзі көрген көріністерді видеоға түсіріп, оларды iCloud-та сақтауға және болашақта саундтрек қойып қайта жаңалауға мүмкіндік береді. 

Мұның бәрінің негізінде өзегінде M2 кремнийі бар қос чипті дизайн жатыр. Жаңа R1 қосалқы процессоры 12 камерадан, бес сенсордан және бірнеше микрофоннан келген ақпаратты өңдейді. Бұл R1 қосалқы процессоры Vision Pro гарнитурасына кідірістерді іс жүзінде жоюға және сигналдарды 12 миллисекунд ішінде жіберуге мүмкіндік береді.

Тағы бір қызықты жаңалық – бұл оптикалық идентификатор, ол негізінен Face ID сияқты жұмыс істейді. Бірақ әрбір қолданушының көзіне арналған және бірдей қауіпсіздік протоколдарына сәйкес келеді.

Фото Apple ресми сайтынан алынды

Vision Pro гарнитурасы үшін «кеңістіктік компьютері» классификациясына сәйкес келу үшін Apple компаниясы өзінің Magic тінтуірі мен пернетақта желісін қолдауды да қосқан.

Бұл өте ыңғайлы және пайдаланушыларға ауада қалқып тұрған жұмыс үстелі көріністерімен сенімді әрекеттесуге мүмкіндігін берді. Дегенмен  Vision Pro қаншама озық болып көрінгенмен, әзірше ол компьютерді толық алмастыра алмайды. Гарнитурдың бағасы – 3 499 АҚШ доллары.