Атырау екіге бөлінуі мүмкін. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ брифингінде айтты.
Атырау екіге бөлінуі мүмкін
2,887
оқылды

"Бізде Атырау қаласын дамытудың бекітілген бас жоспары бар. Қаланы Жайық өзені екі бөлікке бөледі. Халық саны өсіп жатыр, қала созылып жатыр. Біз бөлу мәселесін қарастырып жатырмыз, бірақ бұл келешекте, біз бұл мәселені тұрғындардың алдына шығарамыз, жұмыс қала тұрғындарының пікірін ескере отырып жүргізілетін болады", – деді Серік Шапкенов.