Танымал айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов белгілі әнге «AMANAT» партиясының атауын қосып, елді күлкіге қарқ қылды.
"Ей, мен в Аманате": Ринат Зайытов танымал әнге партия атауын қосып айтты
1,424
оқылды

Көпшілік ақынға әзіл-шыны аралас видеодағы әні үшін дән риза болған. Бұл видеоны instagram әлеуметтік желісіндегі tiek.kz аккаунты жариялады.

Ринат Зайытовты Мәжіліс отырысынан соң, тілшілер қаумалап, жібермей қойған. Сол сәтті пайдаланған Ринат Зайытов: «Ей, мен в Аманате, ей, сен в Аманате» деп желіні әзіл-шыны аралас күлкісімен, елді күлкіге қалдырған.

Көпшілік трендтен қалмаған айтыскер ақынға шынайы ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырған.

«Көңілім бір көтеріліп қалды ғой, жарайсыз», «Қатырыпты, жақсы жарасады», «Ринат мырза, айтыстағыдай нақты айтыпсыз», – деп жазды олар.