Құқық қорғау органдары кез келген смартфонды қашықтан басқара алады. Олар смартфон камерасын құпия қосып, смартфон иесінің іс-әрекетін бақылайды, сөздерін тыңдайды. Одан қорғану әдістері бар
Смартфонды құпия тыңдайтын технология
2,817
оқылды

Үкіметтік құрылымдар мен құқық қорғау органдары кез келген смартфонды қашықтан басқара алады. Олар смартфон камерасын құпия қосып, смартфон иесінің іс-әрекетін бақылайды, сөздерін тыңдайды. Newatlas.com платформасында жарияланған материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz жаңа тыңшылық тәсілдерден қорғану жолдарын түсіндіреді.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: MARK GARLICK

Жақында Франция үкіметі полицияға заң бұзушылар мен қылмыс жасаған күдіктілердің смартфондарының  камераларын, микрофондарын, GPS деректерін қашықтан бақылауға, оларға қосылуға мүмкіндік беретін жаңа заң қабылдады. Ресми үкіметтің мәлімдемесіне сәйкес,  бұл заң нормасы өте сирек жағдайларда ғана қолданылмақшы. Бірақ көпшілік қауым бұған сенбейді.

Францияның әділет министрі Эрик Дюпон-Моретти оны тек «судья мақұлдаған жағдайда ғана жылына ондаған істерде» қолдануға уәде бергеннен, мұндай тыңшылыққа алты айға дейін рұқсат берілетін жаңа заң қабылданды. Оның айтуынша, бұл адамдардың өмірін сақтауға бағытталған заң.

Ал француз қоғамы мұны полиция немесе мемлекеттік қызметкерлер азаматтардың смартфонын бұзып, олардың іс-әрекеттерін бақылайтын жеке өмірге заңсыз қолсұғушылық деп бағалауда. Бұл билік басындағы адамдардың қарапайым азаматтардың бостандықтарын бұзуына, билік құзыреттерін теріс пайдалануына жол ашуы да мүмкін.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Maskot

2006 жылы iPhone шыққанға дейін, АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы (FBI) ұялы телефон микрофондарын қашықтан қосып (тіпті телефондар өшірілген болса да) күдіктілерді заңды түрде тыңдаған еді. Ол кезде телефондардан аккумуляторды алып тастап, тыңшыларға тосқауыл қоюға болатын. Қазіргі смартфондар мен технологиялық жағдай мүлдем басқаша.

2022 жылғы Comparitech компаниясының зерттеуінде әлемнің 50 елінде құқық қорғау органдары смартфондар мен олардың деректерін белгілі бір деңгейде бақылауда ұстайтыны анықталды.

Қол жеткізу деңгейлері әртүрлі және көптеген елде құпия тыңдау ережелері әртүрлі болған. Қытай, Сауд Арабиясы, Сингапур және Біріккен Араб Әмірліктері смартфонды құпия тыңдау заңдары өте жеңіл болған. Қытай өзінің азаматтарын ешқандай құқықбұзушылығы болмаса да тыңдай алады. Германия үкіметі болса барлау агенттеріне смартфондарға қашықтан қол жеткізуге және кез келген телефонға шпиондық бағдарламаларды орнатуға рұқсат береді. Неміс органдары қылмыс жасады деп күдік туғызбаған адамдардың да смартфондарын құпия бақылай алады.

Мына видеода смартфонның құпия тыңдалуын қалай анықтауға болады, орны қалай өшіруге болатыны көрсетіледі:

Америка Құрама Штаттары әдетте ордер талап етеді. Австралияның полициясы күдіктінің смартфонындағы деректерді өзгерте алады. Аустрия, Бельгия, Финляндия және Ирландия смартфондардың құпиялылығы бойынша рейтингі ең жоғары елдердің қатарына кіреді. Оларда «полицияның ұялы телефондарға тек күдікті және ордер болған жағдайда ғана қол жеткізе алатыны туралы» анық және нақты заңдар бар.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: PJPhoto69

Смартфоны құпия тыңдалады деп күдіктенген адам камералар мен микрофондар қашықтан қосылмайтындай функциялары бар смартфондарды сатып ала алады.

Бірақ адамның геолокациясын анықтауға жол бермейтін тәсіл – GPS-ті өшіру де смартфон иесінің орналасқан жерін құпия ұстауға толық кепіл бола алмайды. GPS-ті өшіргенмен, құқық қорғау агенттері адамның орналасқан жерін күніне жүздеген рет смартфонмен сигнал алмасып тұратын ұялы мұнаралар арқылы тауып алады.

Сондықтан технологиялық әлемнен құтылатын, жан тыныштығы үшін алынбалы батареясы бар смартфон қолдануға немесе байланыс құралынан мүлдем бас тартып, елсіз аралға кетіп қалуға болады. Әркімде таңдау еркіндігі бар!