Шешім 28 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.
Алматы облысында бірнеше ауылдық округтің атауы өзгереді
3,392
оқылды

Алматы облысында 10-ға жуық ауылдық округтің атауы өзгертілмек.

Ашық талқыға шығарылған әкім қаулысы мен өңірлік мәслихаттың бірлескен шешіміне сай, Алматы облысындағы мына ауылдардың атауы өзгереді:

Іле ауданы бойынша:

– Энергетический ауылдық округі – Өтеген батыр ауылдық округі;

– КазЦИК ауылдық округі – Асқар Тоқпанов ауылдық округі;

– Энергетический ауылдық округінің Покровка ауылы – Кенен Әзірбаев ауылы;

– Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылы – Байкент ауылдық округі және Байкент ауылы;

– Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылы – Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылы;

– КазЦИК ауылдық округінің Комсомол ауылы – Жайнақ ауылы болып өзгереді.

Талғар ауданы бойынша:

– Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы – Жібек жолы ауылы болып аталады.

Кеген ауданы бойынша:

– Жалаңаш ауылдық округі Жалаңаш ауылын Жалағаш ауылына.

«Осы Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының бірлескен шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахымға жүктелсін», – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта.

Шешім 28 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.