«Қазгидромет» 19 шілде күнгі ауа райы болжамын жариялады.
19 шілдеге арналған ауа райы: бұршақ жауып, дауыл соғады
5,035
оқылды

Атмосфералық фронт әсерінен елдің көп бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Республиканың шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде және таңертең Солтүстік-батыста тұман болады деп күтіліп жатыр.

Күндіз Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Абай облысында 35-42°с қатты ыстық сақталады.

Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік, Шығыс Ақмола облыстарының, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстікте, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.