Алматыда "жазғы лагерь" деп балаларды саунаға алып барған.
Саунадағы балалар лагері: Бас прокуратура тексеруді бастады
1,540
оқылды

Осы оқиғадан кейін Алматы қаласының прокуратурасы жазғы лагерьлерді тексеруді бастады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 118 – мемлекеттік, 100 – жекеменшік, 630 – шатырлы лагерь бар.

Сондай-ақ биыл маусымда 10 216 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істеді. 

Бас прокурордың тапсырмасы бойынша, аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп,  мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті.

Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы, өрт қауіпсіздігі, тамақ және медициналық көмекпен қамтамасыз ету жағдайы жіті тексеріледі.

2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу кезінде заңдылықты сақтау мәселесі де зерттеледі.