42 жастағы күдікті 20 маусым мен 16 шілде аралығында өзінің 34 жастағы көршісіне күш қолдану арқылы қауіп төндіріп, жәбірленушіден ақшалай қаражат бопсалаған.
БҚО-да сотталып шыққан тұрғын көршісінен ақша бопсалаған
698
оқылды

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауылында сотталып шыққан тұрғын көршісін бопсалаған, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Ол бұрын бірнеше рет істі болған.

«Шыңғырлау ауылының бұрын екі рет қылмыстық жауапқа тартылған тұрғыны бостандыққа шыққаннан кейін ескі әдетіне қайта басқан. Ол техникалық қызмет көрсету станциясы (СТО) иесінен ақша бопсалаған. Ауыл тұрғынының қылмыстық іс-әрекеті әшкереленді», – деп атап өтті ведомство.

Полицияның хабарлауынша, 42 жастағы күдікті 20 маусым мен 16 шілде аралығында өзінің 34 жастағы көршісіне күш қолдану арқылы қауіп төндіріп, жәбірленушіден ақшалай қаражат бопсалаған.

«Тінту кезінде жәбірленушіден алған 60 мың теңгесі, сонымен қатар одан ерекше иісі бар қара-жасыл заты бар қағаз бумасы және «ОРРО» маркалы телефон табылып, тәркіленді. 42 жастағы күдікті бұрын қылмыстық жауапқа тартылып, 18 жылға жуық уақыт бас бостандығынан айыру орындарында отырған», – дейді полиция.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.