Қостанай облысында бір топ алаяқ қомақты қаржы жымқырған.
Қостанайда қылмыстық топ 1,6 миллиард теңге жымқырған
1,159
оқылды

Қылмыс әшкере болған топты тергеу жалғасып жатыр. Былтырдан қазіргі уақытқа дейін ет сату бойынша жалған мәмілелер арқылы бюджет қаражатын жымқырғанына қатысты тергеу жалғасуда. Ұрлықтың сомасы 1,6 млрд теңгеден асады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. 

Ұйымдасқан топты ірі ет өңдеу кәсіпорнының директоры басқарған. Оның құрамына қарамағындағылар, шаруа қожалықтарының басшылары, мал дәрігерлері мен лауазымды тұлғалар кірген. 

Қылмыстық схема шаруа қожалықтарына қайта өңдеу зауытына жоқ өнімдерді, сондай-ақ қылмыстық топ мүшелері арасында бөлінген субсидиялар алған артық салмағы бар өнімдерді жеткізуден тұрды. 

Қазіргі уақытта ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қылмыстық әрекеттеріне қатысы бар 50-ден астам шаруа қожалығы анықталды. Бүгінгі таңда алаяқтық, ұйымдасқан топ құру және басқару фактілері бойынша он жеті қылмыстық іс тіркелді. Топ мүшелерінің банк ұяшықтарында және есепшоттарында шетел және ұлттық валютадағы жалпы сомасы 3 млн-нан астам АҚШ доллары бар екені анықталды. 

Алдын ала тергеу барысында қожалық басшылары кінәсін мойындап, 62 млн теңгеден астам қаржыны өз еркімен мемлекет кірісіне қайтарған. Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 белсенді мүшесі қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.