Синтетикалық есірткіні сақтаған деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 1981 жылы туған тұрғыны анықталды.
Атырауда есірткі сатып пайда таппақ болғандар ұсталды
1,832
оқылды

Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлері «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында синтетикалық есірткі сақтады деген күдікпен ШҚО облысы мен Жамбыл облысының тұрғындарынан  200-ге жуық дозаны құрайтын есірткі тәркіледі.

Синтетикалық есірткіні сақтаған деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 1981 жылы туған тұрғыны анықталды. Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткі затының салмағы 64,2 грамм  «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісі екені белгілі болды. 

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен қатар, Атырау қаласының Нұрсая ықшам ауданында синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде жасырын тығу әдісі арқылы сатумен айналысып жүрген 1987 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттың салмағы 70,09 грамм  «Альфа-PVP» және 128,31 грамм «Мефедрон» синтетикалық есірткі екені анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. 

Жүргізілген тергеу әрекеттері барысында күдіктілердің қаланың ықшамаудандарында тұтынушыларға арнап жасырып қойған бірнеше синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.

 

Баян Жанұзақова