Генерал-лейтенант, чекист Амангелді Шабдарбаев қаңтар оқиғасының алдында Кәрім Мәсімов шаруаның қалай болатынын айтып бергенін мәлімдеді. Ол бар шындықты "Abay live" Youtube арнасына берген сұхбатында жайып салды.
Кәрім Мәсімов қалай болатынына дейін маған айтып берді - генерал Амангелді Шабдарбаев
13,444
оқылды

"Қаңтардың алдында мен Кәрім Мәсімовпен кездескенмін. Екеуміз әңгімелескенбіз. Сол кезде маған көп нәрсе айтып тастады. Қалай болатынына дейін маған айтып берді. Ешкімге бара алмайтынымды біліп ол маған бәрін айтып берді. Басында маған да, басқаларына да президент боламын деген ойын айтты. Ол президент бола алмайтынын білемін ғой. Ол қазақпын деді, найманмын деді. Наймандар оны қолдады, қазақша сөйлеуге тырысты. Ол өте сақ адам. Ол кішкене қорқақ, ашық шықпайды. Бір-біріне салып қояды, солай қазақты басқарады. Оның қолында үлкен билік болды. Ол маған "жаңа жыл басталғанда бәрі өзгеріп кетеді. Бәрі мүлдем басқаша болады" деді. Мен оны бір адамға айтқан жоқпын. Қаңтар кезінде Кәріммен сөйлескенім есіме түсіп, таң қалып қалдым", - деді генерал-лейтенант, чекист Амангелді Шабдарбаев.

Сондай-ақ генерал қаңтар оқиғасын кімдердің ұйымдастырғаны қазір белгілі екенін айтты. 

"Қауіпсіздік комитеті қаңтар оқиғасын өздері ұйымдастырды деп айтпасақ та, олар біліп отырды. Сондықтан жақсы дайындалды. Митингкке шығып жатыр, оппозиция сөйлеп жатыр. Содан кейін шынымен де бүгінгі күнді ұнатпай, халықтың  жағдайы қиындап бара жатқаннан кейін, адамдар шығуға дайын болып шығып жатты. Соның бәрін анализ жасап біліп істеді. Содан кейін қазір белгілі ғой, қарулы бандиттер де болды.Олар таулы жерлерде, басқа жерлерде дайындалды.Бәрін ұйымдастырып келді. Бірақ олар қырғыз сценариін таңдады.Қырғыздарда үш революция  болды дейк.. Екеуін де Ақаев пен Бакиев қашып кетті. Үшіншісін қамап қойды. Олар сол революциясында жеңіске жетті. Бірақ олар оны өзінің Бішкегінде істеді. Ал егер қырғыздар оны Ош қаласында немесе басқа қалада істеде жеңіске жете алмас еді. . Ал бізде жасағандар Алматыны құрбан етті. Себебі Астананы аяды, өз қолымен салды ма, қатысы бар ма, Астананы аяды. Ал егер ұйымдастырғандар ол оқиғаны Астанада жасап жіберсе белгісіз болар еді қалай болатыны",- деді генерал Шабдарбаев.