Денсаулықты бақылауға болатын және физикалық белсенділікті көрсететін смарт көзілдіріктер пайда болды. Әлемде алғаш жасалған Minimis Glass көзілдіріктері иесінің локациясын дәл анықтап береді.
Смарт көзілдірікпен Американы адаспай табасыз
1,030
оқылды

Денсаулықты бақылауға болатын және физикалық белсенділікті көрсететін смарт көзілдіріктер пайда болды. Әлемде алғаш жасалған Minimis Glass көзілдіріктері иесінің локациясын дәл анықтап береді. Жаңа технологияның артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы Newatlas.com сайтында жарияланған материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz түсіндіреді. 

Видео reserve.minimis.life сайтынан алынды.

Салмағы 90 г (3 унция) жеңілдетілген көзілдірік қосымша құрылғыны қажет етпейді. Нақты уақытта жаттығу деректері мен навигациялық карталарды көрсете алады. Сондай-ақ олар Bluetooth құлақаспаптарымен немесе құлаққаптармен жұптастыру арқылы Spotify-дағы плейлистке қосылып, тамаша көңіл күй сыйлайды.

Сиднейдегі (Аустралия) жаңадан құрылған Minimis компаниясының негізін қалаушы Джозеф Гуо жүгірушілер мен велосипедшілер үшін тамаша құрылғы жасағысы келді. Өнімділік статистикасы немесе маршрут карталарын көру үшін телефон экранын немесе білек трекерін тексерудің енді қажеттілігі жойылды.

Фото reserve.minimis.life сайтынан алынды.

«Мен мұны өзімнің аллергиялық серпілістен құтылу үшін бастадым», - дейді Гуо. «Мен жүгіруге арналған жабысқақ қол сағаттарын жек көремін, сонымен қатар жаттығуларға телефонымды алып жүруді де ұнатпаймын. Мен велосипед компьютерлерін өткен ғасырдың ұсқынсыз жәдігері деп санаймын. Экранға төмен қарап, бірнеше метр жолға қарамай жүру қауіпті».

«Бұл - спорттық аксессуарлардың жаңа дәуірі. Біраз жылдардан кейін бүгін дискеттер мен пейджерлерге қалай тосырқай қарасақ, қазіргі спорттық қол сағаттар мен велокомпьютерлерге де бас шайқайтын боламыз».

Жүгіру, жаяу және велосипедпен жүру кезінде жолды айқын көру өте маңызды. Minimis Glass көзілдірігі экранның жоғары үштен бір бөлігіндегі OLED микродисплейімен жабдықталған. Алдыңғы жолды айқын көрсетіп, айналаны бақылауға көмектеседі.

Фото newatlas.com сайтынан алынды.

Көзілдіріктер eSIM картасын оқи алады. Wi-Fi және Bluetooth мүмкіндіктерімен жабдықталған және Android OS платформасында жұмыс істейді. Сондай-ақ жүрек соғу жиілігін қадағалайды.

Спортшылар үшін қарапайым әрі тиімді функциялар да қарастырылған: тұманға қарсы, суға төзімділік, ультракүлгін сәулелерден қорғау және қоршаған ортаға бейімделетін өтпелі линзалар жасалған.

Фото gadgetsandwearables.com сайтынан алынды.

Көзілдірікті USB-C кабелімен зарядтауға болады. Minimis Glass көзілдірігіне алдын ала тапсырыс берген кезде бағасы 460 АҚШ доллардан басталады.

Көзілдіріктің мүмкіндіктерін көру үшін осы видеоларды қосыңыз.

Видеолар reserve.minimis.life сайтынан алынды.