Қалалық мәслихат депутаты Мақсат Айсауытов Назарбаев даңғылына Достық атауын қайтару туралы ұсыныс білдіріп, Орал әкімі Миржан Сатқановқа жолдаған. Бұл туралы umarovnews хабарлайды.
Оралда депутат Назарбаев даңғылына ескі атауын қайтаруды ұсынды
698
оқылды

"Орал қалалық мәслихатының депутаты Мақсат Айсауытов қала әкімі Миржан Сатқановқа Оралдың басты көшесін Назарбаев даңғылынан бұрынғы "Достық-Дружба" атауына өзгерту туралы ұсыныспен жүгінді", – деп хабарлайды өңірлік БАҚ.

Депутат сауал жолдағанымен оған әлі жауап алмаған. Жергілікті БАҚ депутаттың бұл ұсынысын көп әріптесі қолдағанын жазады.

Ал әкім Миржан Сатқанов бұл мәселені облыстық мәслихат депутаттары шешуі тиіс деп жауап берген.

Басылым қазіргі уақытта Назарбаев даңғылының әртүрлі уақытта бірнеше атаулары болғанын атап өтті. Олардың ішінде: Үлкен Михайловская көшесі, Советская көшесі, Сталин көшесі, Ленин көшесі, Ленин даңғылы, Достық-Дружба даңғылы. Соңғы рет даңғыл 2019 жылы Назарбаев даңғылы болып өзгертілді.