"Бешикташ" 211 мың еуроға "Сомаспор" вингері Эмреджан Булутты сапына қосты.
Зайнутдинов "Бешикташта" рекорд орнатты
5,469
оқылды

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташтың" жазғы кезеңдегі ең қымбат трансфері болды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Түркиялық БАҚ мәліметінше, Зайнутдиновтың трансфері үшін ыстамбұлдық клуб 4,5 миллион еуро беріпті.

Қазіргі таңда бұл "Бешикташтың" осы жаздағы ең қымбат трансфері. Мұның алдында түркиялық клуб жартылай қорғаушы Жан Онан үшін франциялық "Лансқа" 4,04 миллион және англиялық "Вест Хэм" қорғаушысы Артур Масуак үшін екі миллион берген еді. 

Сонымен бірге, "Бешикташ" 211 мың еуроға "Сомаспор" вингері Эмреджан Булутты сапына қосты. Ал тағы үш ойыншы – қорғаушы Дэниел Амарти ("Лестер"), жартылай қорғаушы Алекс Окслейд-Чемберлен ("Ливерпуль") және вингер Анте Ребич ("Милан") ыстамбұлдықтар сапына еркін агент ретінде қосылды.