Толассыз шуыл - жаңа әлемнің сипаты. Бұның бәрі миға ерекше салмақ салады. Ал, тыныштық, үнсіздік миға өте пайдалы екен. Төмендегі видеода жақсы жүйеленіп жинақталған кеңестер бар.
Тыныш, үнсіз орта мидың жұмысын жақсартады
2,731
оқылды

Адамдар өте шулы және тез өзгеретін әлемде өмір сүруде. Біз үнемі қозғалыста өмір сүреміз – мұның бәрі қажеттілік болғанымен тыныштықтың күші мен сұлулығы әлдеқайда маңызды.

Тыныш ортаның адамға әсері туралы obekti.bg сайтында жарияланған материалға сілтеме жасай отырып Aikyn.kz шудың зияны мен одан қорғаныс жолдарын түсіндіреді.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: SCIENCE PHOTO LIBRARY

2011 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шуды «заманауи оба» деп атаған баяндамасын жариялады. Құжатта ғалымдар шудың адам денсаулығына зиянды әсерінің даусыз дәлелдерін келтірген.

Заманауи технологиялар адамдарды жойқын дыбыстармен шабуылдайды. Үйде – теледидар, компьютер мен планшеттер, смарт динамиктер мен кондиционерлер, ал көшеде – көліктердің азан-қазан шуы, пойыздардың гүрсілі, балғалар мен сиреналар, дәмхана мен дүкендердегі жоғары дыбысты музыкалар адамға тәулік бойы әсер етеді.

Мұның бәрі миға зиянды саналады: мысалы, жаңа туған нәрестелердің реанимация бөлімшелеріндегі жоғары шу деңгейі олардың қан қысымының жоғарылауына, жүрек соғу жиілігінің өсуіне және нәрестелердің ұйқысының бұзылуына әкелетіні дәлелденді. Тыныштықтың, үнсіздіктің миға пайдасы туралы мына видеода жақсы жүйеленіп жинақталған тиімді кеңестер бар.

2013 жылы Brain, Structure and Function журналында ғалымдар зертханалық тышқандарға тыныштық пен әртүрлі дыбыстардың әсерін тексерген зерттеу жарияланды.

Нәтижесі зерттеушілерді қатты ойлантып тастаған: күн сайын екі сағаттық «тыныштық сеанстары» берілген тышқандарда жадыға, эмоцияларға және оқуға жауап беретін гиппокамптың жаңа жасушалары пайда болған.

Ғалымдар бұны психологиялық әлеуетті жақсартуға пайдалы нейрондар деп мәлімдейді. Үнсіздік мидың зақымдануын емдей алады. Бұл ми жасушаларының қалпына келуіне ықпал етеді, сонымен қатар стресс пен шиеленісті азайтады.

Heart журналында жарияланған зерттеу екі минуттық үнсіздіктің «тыныштандыратын» музыканы тыңдаудан гөрі пайдалы екенін анықталғаны жазылған. Денсаулыққа пайдалы тыныштықты бағалайық!