Конференция лигасында «Динамо» мен «Бешікташ» өзара мықтыны анықтады.
Зайнутдинов «Бешікташта» гол соғып, командасына жеңіс сыйлады
2,455
оқылды

Бухарестте қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов «Бешікташ» командасында алғашқы ойынын өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бахтиер Зайнутдинов «Бешікташтағы» дебюттік ойынында гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

Еуропаның Конференция лигасы аясында «Бешікташ» сырт алаңда Киевтің «Динамосымен» кездесіп, 2:3 есебімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, Бахтиер Зайнутдинов 1998 жылдың 2 сәуірінде дүниеге келген. Қазақстандық футболшы Түркияның футбол клубымен биыл 18 тамызда келісімшартқа қол қойды. Ол 2027 жылдың 30 маусымына дейін командада ойнайды. Осыған дейін қазақстандық «Тараз», «Астана», Ресейдің «Ростов» және ЦСКА командасының намысын қорғады.

Бұған дейін Бахтиер Зайнутдинов «Бешікташта» рекорд орнатқанын жазған болатынбыз. 

Фото: ortacizgi.com