Оның бұл әрекеті Испания қоғамында дау тудырып, қызу талқылану үстінде
ФИФА футболшы қызды сүйіп алған басшыны қызметінен шеттетті
2,023
оқылды

ФИФА футболшы қыздың ернінен сүйіп алған Испания футбол федерациясының басшысы Луис Рубиалеске қатысты тәртіптік іс қозғады.

20 тамыз күні әйелдер командалары арасындағы әлем чемпионатында Испания финалда Англиядан басым түсті.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Луис Рубиалес Испания құрамасының ойыншысы Дженни Эрмосоның ерінен сүйіп алды. Оның бұл әрекеті Испания қоғамында дау тудырып, қызу талқылану үстінде. Десе де Луис Рубиалес артынша кешірім сұрап үлгерді.

Кейін желіде Испания футбол федерациясының басшысы шатын ұстап тұрған фото тараған.