Елордалық тәртіп сақшылары еріктілермен бірге із-түзсіз жоғалған адамды іздеуге жұмылдырылып, барлық маңай тексерілді.
Астана полициясына із-түзсіз жоғалғандар туралы 4 мыңға жуық арыз түскен
631
оқылды

Жыл басынан бері із-түзсіз жоғалғандар туралы 4 мыңға жуық арыз түскен, – деп хабарлайды Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Астана қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері іздеуде жүрген 54 жастағы елорда тұрғынын тапты. Бұған дейін полицияға 77 жастағы ана медициналық мекемеде есепте тұрған ұлы жоғалып кеткені туралы арызданған. Елордалық тәртіп сақшылары еріктілермен бірге із-түзсіз жоғалған адамды іздеуге жұмылдырылып, барлық маңай тексерілді. Жедел іздестіру шаралары барысында ер адам «Шарын» базарының аумағынан табылды. Қазіргі уақытта ол үйінде, жағдайы қалыпты.