Ең ықпалды Google іздеу жүйесінің болашағы бұлыңғыр. Оның орнын жасанды интеллектке негізделген чат-боттар иеленуде. Іздеу жүйесі болмаса интернеттен ақпаратты қалай табамыз?
Google өшірілсе ақпаратты қалай табамыз?
2,323
оқылды

Жақында 25 жылдығын тойлайтын әлемдегі ең ықпалды іздеу жүйесі – Google-дің болашағына қатысты BBC News бірнеше сағат бұрын қызық материал жариялады. Жасанды интеллект негізінде жасалған ChatGPT чат-боты да іздеу жүйесінің болашағы бұлыңғыр екенін көрсетуде. Дегенмен, кванттық компьютер мен ЖИ жарысында Google әлі де ешкімге есе жібермейтінін Aikyn.kz британдық әріптестеріне сілтеме жасай отырып талдайды.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Laurence Dutton

Қазір Google – Alphabet деп аталатын үлкен топтың бөлігі. Топтың құрылымдары іс жүзінде технологияның барлық салаларында үстемдік етіп, кейбіреулері бәсекелестікке қарсы реттеушілерді алаңдатуда. Дәл қазір Google ЖИ жарысында бірінші орынды иеленуге тырысуда, бірақ кейбіреулер оның артта қалғанын айтады.

Электрондық пошта және смартфондар, бағдарламалық құрал мен аппараттық құрал, өздігінен жүретін көліктер, цифрлық көмекшілер, YouTube – бұлар Google шығарған жүздеген өнімдер мен қызметтердің бір бөлігі ғана. Олардың барлығы табысты болмағанымен Google өзінің әлеуетін әлі де жоғары бағалайды. Ендігі мәселе –жасанды интеллект дамыған әлемде Google-дің өзінің жетекші рөлін сақтауы болып тұр.

Бұл сұрақтың сыртында талай алып-қашпа әңгімелер естілуде. Желіде компания инженерінің жазбасы таралып кетті. Онда қызметкер компанияның жасанды интеллектке арналған «құпия тұздығы» жоқ және жарыста жеңе алмайды деген мазмұнда пікір айтқан. Бұл күдікті ЖИ боттардың шайқасы одан әрі күшейтті.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Yana Iskayeva

Көпшілік қолданушылар үшін ЖИ-мен саналы әрекеттесу ChatGPT-дің тәжірибесімен басталды. Чат-ботты жасаушы OpenAI Microsoft корпорациясынан миллиардтаған доллар инвестиция алды, ол қазір оны өз өнімдерінде, соның ішінде Bing іздеу жүйесі мен Office 365 жүйесінде пайдалана бастады.

ChatGPT іздеу нәтижелерінің беттерін көрсетпей, іздеушінің сұрағына бірден жауап береді. Осыған байланысты оған «Google-ді өлтіруші» деген лақап ат та қойылды.

ChatGPT болса шын мәнінде Google ойлап тапқан тілді өңдеу архитектурасын пайдаланады, бірақ бірнеше айдан кейін Google-дің өзі ұсынған Bard чат-боты көпшілікке айтарлықтай әсер етпеді.

Тамыз айында Gartner аналитикалық фирмасының қызметкері Чираг Декате Google Next іс-шарасына қатысып, «Google дамып келе жатқан генеративті жасанды интеллект экономикасын басқаруға дайын» екенін айтқан.

Мына видеода 2022 жылы Google-де жиі тіркелген сұрақтар туралы айтылады:

 

Creative Strategies сарапшысы Каролина Миланеси де Google-дың жасанды интеллектін тез арада өшірмеу керек деп санайды.

«Мен олар ЖИ-ге кешігіп қалды деген әңгімеге сенбеймін. Олар үшін мүмкіндік тұтынушы жағынан да, кәсіпорын жағынан да жасанды интеллекте жатыр», – дейді ол.

Hargriaves Lansdown компаниясының қаржы және нарықтар бөлімінің басшысы Сюзанна Стритердің пікірінше, Google-дың ЖИ қаруы оның бұлттық бизнесінде болуы мүмкін екенін ескертеді. Бұлтты компаниялар көптеген компанияларға өз бетімен иелік ету немесе орналастыру қиын болатын компьютерлердің кең желілеріне және есептеу қуатына қол жеткізуді ұсынады.

Оның ойынша, «Alphabet үлкен генеративті ЖИ жұмыс жүктемелерін өңдеуге дайын инфрақұрылым мен сақтауды жаңартуға үлкен және шағын бизнестің үлкен сұранысына лайық жауап береді. Сондықтан, Google өзінің Cloud бизнесімен ЖИ революциясының ортасында тұр».

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Exdez

Google Cloud ұсынымдары Amazon Web Services және Microsoft Azure сияқты үлкен бұлттық провайдерлердің үшіншісі болуы мүмкін, бірақ оның орасан зор мүмкіндіктері бар.

Мамандар Google жасаған ЖИ өнімдеріне сұраныстың болатынын, компания бұл салада да жұмысын жалғастыра алатынын болжауда. Интернеттен ақпаратты Google арқылы іздеуге дағдыланған адамдар әлі де өзінің дәстүрлі іздеу алгоритмін қолдана алады. Іздеу жүйесіне компания жасанды интеллекті кірістіруі де әбден мүмкін.