Әділет министрлігі Google технологиялық алпауытына ауыр айыптар тақты. Google интернеттегі іздеу жүйесіндегі үстемдігін сақтауға 10 миллиард доллардан астам төлейтіні белгілі болды. Бұның қандай саяси және экономикалық астары бар?
Google компаниясындағы дау: 10 миллиард доллар
1,166
оқылды

АҚШ билігі Google интернеттегі іздеу жүйесінде үстемдікті сақтау үшін жылына 10 миллиард доллардан астам төлейді деген мәлімдеме жасады. BBC News АҚШ-тың құқық қорғау органдары ірі технологиялық компаниялардың ықпалын азайту мақсатында, монополияға қарсы сот процестерін жүргізіп келетінін жазды. Aikyn.kz сол материалға сілтеме жасап, Вашингтон федералды сотында Google мен Әділет министрлігі арасындағы таластың себептерін түсіндіреді. 

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Drew Angerer

Вашингтонда соңғы 25 жылда болған монополияға қарсы ең ірі сот процесі басталды. Процесте АҚШ прокурорлары Google смартфондар мен компьютерлерге іздеу жүйесін орнатуға арналған келісімдер үшін жыл сайын 10 миллиард доллардан астам ақша төлейтінін жария етті.

«Бұл іс интернеттің болашағы туралы және Google іздеу жүйесі нағыз бәсекелестікке тап болатыны немесе болмайтыны туралы», – деді Кеннет Динцер Әділет министрлігінің Google-ды бәсекеге қарсы келісімдер арқылы интернетте іздеу қызметінде үстемдік жасады деп айыптаған істі ашқан сөзінде.

Динцердің айтуынша, технологиялық топ 2010 жылы өзі орнатқан монополияны «заңсыз сақтауға» күш салуда және қазіргі интернеттегі іздеу нарығының шамамен 89 пайызын Google бақылайды.

Фото Reuters сайтынан алынды

Google компаниясына ашылған процесс ешқашан мұншалықты маңызды әрі ауыр болмағанын сарапшылар да айтуда. АҚШ-тың монополияға қарсы заңдары нарықтағы радикалды үстемдікті айыптайды және экономикалық қағидалардың сақталуын талап етеді.

Кеше сейсенбіде Вашингтонда Google ісін алғаш рет 2020 жылы Дональд Трамп әкімшілігі сотқа жолдағаны белгілі болды. 

Әділет министрлігінің шағымында Google өзінің іздеу жүйесі ұялы телефондар мен компьютерлерде орнатылуы үшін арнайы келісімдер арқылы сымсыз байланыс операторларына, браузер өндірушілерге және құрылғы өндірушілерге миллиардтаған доллар төлегені анықталды.

АҚШ-тың Әділет министрлігі мен Google технологиялық алпауыты арасындағы таласты BBC News те сараптаған. Оны мына видеодан субтитрді орысшаға ауыстырып көруге болады:

 

Ал Google болса тұтынушыларға жақсы сапалы өнім ұсынатынын мәлімдеді. Сондай-ақ компания жасаған келісімдер негізінен Apple немесе Samsung сияқты әріптестерімен болғанын, нарықтағы басқа ойыншылар да сауда-саттық процесіне қатыса алатынын айтты. Компания бұл іс бойынша 5 миллионнан астам құжат ұсынғанын айтқан.

Әділет министрлігі шамамен 10 аптаға созылатын сот процесіндегі куәгерлердің көпшілігі Google компаниясының қазіргі немесе бұрынғы қызметкерлері және технологиялық компанияның әрекетінен зардап шеккен адамдар болатынын ескертті. Google болса куәгерлердің қатарына Samsung, Motorola және T-Mobile сияқты келісімдерге қатысушылардың жоғары лауазымды тұлғаларын да шақыратынын жариялады.