Екі жыл бұрын Маск Ресейде Tesla зауытын салуды қарастырғаны белгілі. Сондай-ақ Қазақстанға да қызығушылық білдірген. Әлемдегі саяси ахуал өзгерген соң Ресейдегі жобалар туралы айтылмай қалды. Келесі зауыт Қазақстанда салына ма?
Tesla Қазақстанда шығарыла ма?
2,238
оқылды

Нью-Йоркте ресми сапармен жүрген Түркия Президенті Tesla компаниясының Бас директоры Илон Маскпен кездесті. Кездесуден репортаж берген түріктің NTV телеарнасы Эрдоған мырза бизнесменге Tesla-ның әлемдегі жетінші зауытын Түркияда салуға шақырған. Aikyn.kz осы материалға сілтеме жасап жаңа зауыттың болашағы туралы түсіндіреді.

Фото ntv.com.tr сайтынан алынды

Түрік президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркте Маскпен кездесу өткізіп, ол бизнесменді Түркияда әлемдегі жетінші Tesla зауытын салуға шақырған. Украинадағы қақтығысқа дейін Илон Маск Ресейде Tesla зауытының құрылысын салу туралы айтқан еді.

Ол 2021 жылдың мамырында: «Менің ойымша, біз жақын арада Ресейде боламыз. Бұл керемет болады деп ойлаймын. Сондай-ақ Қазақстанға және басқа ТМД елдеріне кеңірек қарау керек. Бұл біз үшін маңызды», – деген еді.

Әлемдегі саяси ахуал өзгерген соң Ресейдегі жобалар туралы айтылмады. Ресейдің орнына Маск Қазақстанды жетінші зауытының орны ретінде қарастырып жатқаны да белгісіз.

Фото ntv.com.tr сайтынан алынды

Түркия президентімен кездесуден кейін Маск өзінің шешімі туралы ешқандай мәлімдеме жасамады. Түрік басшысы Ердоған өз елінің ғарыш бағдарламасы аясында елдің SpaceX-пен ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігіне де тоқталып, Маскты қыркүйектің соңында Түркияның Измир қаласында өтетін технология көрмесіне қатысуға шақырды.

Журналистер Түркия президентімен кездесуге Маск ұлын да алып келгенін жазуда. Бұл да Ердоған мен Маск арасындағы жақындасуға деген ерекше пейілді көрсетеді. 

Түрік басшысы мен кәсіпкер өткен жылдың соңында Қатарда әлем чемпионатының финалдық ойынында кездескен. Ол кезде кездесуде талқыланған сұрақтар туралы айтылмады.

Біздің билік те Маскпен Қазақстанда Tesla зауытын салуға байланысты келіссөз жүргізеді деп үміттенеміз. Өйткені инновациялық экономика ірі трансұлттық компаниялармен орнатылған сенімді әріптестіктің көмегімен жасалады.