Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Шымкент тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады. Бұл туралы Aikyn.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ҰҚК: Экстремизмді насихаттаған Шымкент тұрғыны сотталды
1,614
оқылды

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотталған интернетте радикалды уағызшылардың дәрістерін зерделеп, Сириядағы діндестерімен байланыста болып, жалған атпен әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық экстремизм идеологиялық материалдарын жариялаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді.

2023 жылғы 17 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.