Полиция ақпаратты растады.
«Ұрып өлтірген»: Алматыда 4 жасар бала өгей әкесінің қолынан көз жұмды
1,489
оқылды

Алматыда өгей әке 4 жасар баланы соққыға жығып, соның салдарынан бүлдіршін көз жұмды, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

Жантүршігерлік оқиға туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі желідегі парақшасында хабарлады.

«НемолчиKZ» қорына жантүршігерлік ақпарат келіп түсті. 4 жасар сәбиді өгей әкесі ұрып өлтірген. Наурызбай ауданының полиция бөлімінен осы ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраймыз!» – делінген жазбада.

Қалалық полиция департаментінің өкілдері Azattyq Ruhy тілшісіне баланың өгей әкесінің қолынан көз жұмғаны рас екенін, толық ақпаратты кейінірек беретінін мәлімдеді.

pixabay.com