Қазақстандық жаңа SPORT+ спорт телеарнасы 7 қазанда хабар тарата бастайды.
Қазақстанда жаңа спорт телеарнасы ашылады
1,925
оқылды

Қазақстандық жаңа SPORT+ спорт телеарнасы 7 қазанда хабар тарата бастайды.

Қазірдің өзінде AFC Чемпиондар лигасын көрсету құқығын сатып алғаны белгілі, қазақстандық көрермендер Неймар, Криштиану Роналду мен Кәрім Бензема сияқты футбол супержұлдыздарының ойынынан ләззат ала алады.

Сонымен қатар, қазақстандық жаңа телеарнаның көрермендері Англия, Италия, Германия мен Португалия кубогы, сондай-ақ, Нидерланд чемпионатының матчтарын тамашалай алады.

Жекпе-жек өнерін сүйіп көретіндер де трансляциядан құр қалмайды. Беделді One FC және PFL MMA лигаларының турнирлерін көрсетуге келісім бар.

Ал кәсіпқой бокс фанаттарына "ESPN классикасы" ұсынылады – Мохамед Әли және Майк Тайсон секілді спорт аңыздарының жекпе-жектері қайта көрсетіледі.

"Хабар екі тілде – қазақша және орысша таратылады. Күніне 20 сағат хабар таратамыз деген жоспар бар. Қазақстандық танымал журналистер мен комментаторларды шақырдық. Бірқатар танымал комментаторларды айта аламын, біздің командамызда Дидар Қадыров пен Айбек Қабылша бар. Жаңа, авторлық студиялық бағдарламалар түсіру үшін жағдай жасап жатырмыз. Спорт сараптамасына да көңіл бөлінеді. Біздің арнамызды тамашалаңыздар. Сіздерге ұнайтынына сенімдімін", – деді SPORT+ директоры Асхат Жақаев.

Телеарнаны TV+, IDTV, және MEGOGO пакеттерінен таба аласыздар.

Фото: alnahdanews.com