Смартфондармен аты танылған Xiaomi корпорациясы енді электромобильдер шығармақшы. Қытайлық корпорация Brilliance және Chery компанияларымен келіссөздер жүргізуде
Xiaomi енді электромобиль шығарады
1,489
оқылды

Қытайлық Xiaomi корпорациясы автоөндірушілермен бірлесіп, өзінің брендімен электромобильдер шығаруды бастамақшы. Бұл туралы Bloomberg хабарлаған жаңалыққа сілтеме жасай отырып, Aikyn.kz қытайлық электромобиль нарығы тағы қандай модельмен толатынын талдайды.

Фото Xiaomi сайтынан алынды

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Xiaomi Қытайдағы электромобиль өндірушілердің бірімен серіктестік орнататынын хабарлады. Қытай билігі электр қозғалтқышы бар автокөліктерді шығаратын компаниялардың санын азайту саясатын жүргізіп, жаңа компанияларға рұқсат беруді қиындатқан.

Инсайдерлердің айтуынша, компания Қытайда электромобиль шығаруға шектеу қойылуына байланысты серіктес табу мақсатында Brilliance және Chery компанияларымен келіссөздерді бастаған.

Бұрын Қытайда электромобиль саласын дамытуды мемлекет жақсы ынталандырды, бірақ кейін – нарықта көптеген ойыншылар пайда болғаннан кейін – билік жаңа өндірушілердің қызметін шектеуге шешім қабылдады.

«Бұл нарыққа кіруге ұмтылатын нарық қатысушыларының лицензиясы бар өндірушілермен серіктестік орнатуға немесе бизнес-жоспарларын толығымен өзгертуге мәжбүрлейді», – дейді Bloomberg журналистері.

Фото auto.pub сайтынан алынды

Xiaomi компаниясы үшін жеке электр көлігін шығару жоспары өте маңызды. Бұған дейін корпорация басшысы Лей Цзюнь жаңа бизнеске 10 миллиард доллар инвестиция салуға уәде берген. Серіктес орнату бойынша Xiaomi, Brilliance және Chery түсініктеме беруден бас тартқан.

Қаңтар айының басында Xiaomi электромобилінің прототипі өте төмен температурада сыналды. Көліктерді Қытайдың солтүстігіндегі полигонда сынақтан өткізу кезінде компания басшысы Лей Цзюнь де қатысқан. Xiaomi 2020 жылы Alibaba Group-пен бірлесіп Xpeng P7 электрокөлігін шығаруды жоспарлағаны белгілі.

Жаңа Xiaomi 14 Pro туралы мына видеода:

Қысқаша анықтама. Xiaomi – электронды девайстар шығаратын және бағдарламалық қамтамасыз етуді жасайтын қытайлық корпорация. Брендтің өнімдері Ресейде танымал, сатып алушылар құрылғылардың сапасы мен арзан бағасына қызығады. Компания 2010 жылы Бейжіңде құрылған, оның құрылтайшысы – қытайлық кәсіпкер Лей Цзюнь. Xiaomi атауы «кішкене күріш дәні» деп аударылады.