Құжатқа облыс әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, ресми жарияланғаннан 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Қостанай облысында жаңа ауылдық округ құрылмақ
2,002
оқылды

Біраз уақыт бұрын 25 елді мекені таратылған Қостанай облысында жаңа ауылдық округ құрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Степное ауылын округ орталығы деп белгілеп, құрамында Жітіқара ауданының Степной және Аққарға ауылдары бар Жітіқара ауданының Степной ауылдық округі құрылсын»,  делінген Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешім-жобасында.

Құжатқа облыс әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, ресми жарияланғаннан 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Жақында ғана Қостанай облысына қарасты 25 ауыл таратылған болатын. Себебі оларда халық саны 50 адамнан аз болған еді.