Соңғы жылдары Түркістан облысында ауыл шаруашылық саласына аса мән беріліп, көптеген жоба жүзеге асып жатыр. Салаға бөлінетін қаржының ауқымы да жыл сайын артып келеді.
Агроөнеркәсіпке 40 млрд теңге бөлінді
510
оқылды

Айталық, былтыр агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға 30,3 млрд теңге бөлінсе, биыл қолдау көлемі 30 пайызға артты, яғни 40 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының міндетін атқарушы Әлібек Әбдіхалықұлы мәлімдеді.

 Әлібек Әбдіхалықұлы журналис­тер алдында жалпы өңірдегі ауыл шаруашылық саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен атап өтті. Субсидия – тыңайтқыштарға, жылы­жайды жылыту жүйесіне, дақыл өнді­рі­сіне, агроқұрылым жұмысын жан­дандыруға берілетінін айта келе Әлі­бек Әбдіхалықұлы облыстың аграрлық секторында 74 мың агроқұрылым жұ­мыс істейтінін жеткізді.

– Жалпы, нарықты азық-түлік өнімдерімен толықтыру, өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақса­тында 2021-2025 жылға дейінгі кезең­де агроөнеркәсіп кешені саласында жалпы құны 237,5 млрд теңгені құрай­тын 97 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Осы орайда 2021-2022 жылдары 48,4 млрд теңгеге 70 жоба іске асырылды. Ал биылғы  8 айда аталған салада құны 10,6 млрд тең­геге 26 жоба жүзеге асырылды, – деді спикер.

Бұдан өзге, облыста қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. Қазір оның көлемі 5 мың гектарды құрайды. Ал су үнемдеу технологияларын пай­даланатын алқап 30,2 мың гектарға жетті. Технология ағын суды үнемдеу­мен қатар өнімділікті 2-3 есеге ұлғай­туға мүмкіндік беріп отыр.

Тельман БЕЙСЕН,

Түркістан облысы