Қазір күдікті соттың рұқсатымен қамауға алынды.
Антикор Марат Бекетаевтың қамауға алынғанын растады
1,524
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растап, мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz .

Бұған дейін антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстағаны хабарланды.

«Ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екенін растаймыз. Қазір күдікті соттың рұқсатымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жарияланбайды», – делінген агенттік хабарламасында.

Фото: egemen.kz