Дертіне дауа іздеген қазақстандықтар қажетті маманға қоңырау шалып, қашықтан кеңес алады.
Енді дәрігерлер науқастарды онлайн емдеуі мүмкін
685
оқылды

Бұл жайында 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы жариялады.

Енді педиатр, невропатолог, хирург, проктологтардан онлайн кеңес алуға мүмкіндік жасалмақ. Қазақстандықтар кардиолог, пульмонолог, ревматолог, невропатолог, инфекционист, аллерголог, гастроэнтеролог дәрігерлердің көмегіне жүгіне алады, яғни қоңырау шалу арқылы кеңес сұрайды.

Бұдан бөлек, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға ұсынылатын қызметтер тізбесі де кеңейтілген. Бұл топтағы сырқаттар салалық медқызметкерлерге хабарласа береді.

Сондай-ақ, жастар денсаулық орталықтары көрсететін медқызметтердің де тізбесі ұлғайған. Оларға акушер-гинеколог, психолог, уролог, психотерапевттер қашықтан қызмет көрсетеді. Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген құжат қазір талқылауға шығарылған.