Samsung жаңа One UI 6 бағдарламасын жасады. Бағдарламалық қамтылым көптеген мүмкіндіктермен қоса жақсартылған өнімділікті және жекелендіру опцияларын ұсынады. Енді Samsung смартфондарын Auto Blocker деп аталатын жаңа қауіпсіздік құралы қорғайды.
Samsung Galaxy шабуылдар мен зиянды қосымшалардан өзін-өзі қорғайды
1,534
оқылды

Samsung флагмандық Galaxy S23 сериясынан бастап әртүрлі құрылғыларда Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін One UI 6-ны қосымшасы жұмыс істей бастады. Slashgear.com сайтында Android 14 негізінде жасалған қосымшаның смартфонның қауіпсіздігіне әсері туралы жазылды. Aikyn.kz осы материалға сүйене отырып, жаңа қосымшаның функционалын талдайды.

Фото Getty Image сайтынан алынды. Авторы: Bloomberg

One UI 6 қолданбасы Samsung смартфондарының қауіпсіздігін жақсартуға арналған Auto Blocker құралын ұсынады. Auto Blocker қолданбасы смартфондар үшін қосымша қауіпсіздік құралы және ол жақында One UI 6 жаңартуы енгізілген барлық Samsung құрылғылары үшін қолжетімді болады. Зиянды бағдарламалар мен қосымшаларды автоматты түрде бұғаттаушы функциясы бар қолданба күдікті әрекеттерді және құрылғыға рұқсатсыз кіруді тоқтата алады.

Құрал үш деңгейде жұмыс істейді: егер смартфонға орнатылып жатқан белгісіз қосымша күмәнді көздерден алынса құрылғы автоматты режимде бірден бұғатталады, смартфондағы барлық қосымшалар ықтимал қатерлерге жүйелі түрде тексеріліп отырады және USB кабелі арқылы телефонға жіберілетін зиянды командалардың орындалуына тосқауыл қояды.

Сурет Samsung сайтынан алынды

Samsung компаниясының смартфондарында қауіпті қолданбалардан қорғаныс жүйесі бұрыннан бар.

Енді бұған қоса Auto Blocker нақты режимде қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және қауіпті контент анықталған жағдайда пайдаланушының әрекетін қажет етпей-ақ смартфонды өзі қорғайды.

Samsung Auto Blocker бағдарламасының негізгі мақсаты – зиянды қолданбалардың құрылғыға жүктелуін болдырмау. Бұғаттаушы бағдарлама арнайы вирустық және фишингтік шабуылдардан қорғануға мүмкіндік береді.