Астанада жолдан өтіп бара жатқан әйелді автобус қағып кетті.
Астанада автобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, әйелді қағып кетті
922
оқылды

Әйел ауруханаға жатқызылды. Автобус жүргізушісінің тыйым салынған бағдаршам жарығынан өтіп кеткені белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Елордалық полиция жол-көлік оқиғасы тергеліп жатқанын мәлімдеді.

"Абылайхан даңғылымен келе жатқан маршрут автобусы жүргізушісі Жансүгірұлы көшесінің қиылысында тыйым салынған бағдаршам жарығынан өтіп бара жатып, бағдаршам рұқсат берген кезде жолды кесіп өтіп бара жатқан 50 жастағы әйелді қағып кеткені анықталды", – деп жазды Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жаяу жүргінші жарақат алды, медицина мекемесіне жеткізілді.

Бұған дейін 47 жастағы ер адамның жолды дұрыс емес жерден жүгіріп өткені туралы хабарланған еді. Ол Алматыда Бұқтырма көшесінде шағын автобустың астына түсіп кеткен.